lat: TABAQ
(ар. табақ طبق) – тамақ салуға арналған жайпақ ыдыс.
“Бисмилла” деп табақты ортаға алып, Екеуі екі жақта асай берді («Хикаят Сәлімжан». Бабалар сөзі. 5-том. 2004. 100 томдық).
Әй, байбатша, табақты алыңыз дер, Ғаріпке көзіңізді салыңыз дер («Хикаят Сәлімжан». Бабалар сөзі. 5-том. 2004. 100 томдық).
Бір уақытта бір ғифрит шығып келді, Бір табақты көтеріп лағыл тастан («Шаһмаран». Бабалар сөзі. 2-том. 2004. 100 томдық).