lat: TABAQSHA
з а т. 1. Кішкене табақ. Қолындағы т а б а қ ш а с ы н дөңгелек дастарқанның үстіне әкеп қойды (Ә.Кекілбаев, Бір уыс.). 2. х и м. Мұнараның түйіспе элементі. Т а б а қ ш а өзінен өткен заттардың концентрациясын немесе температурасын сатылап кемітіп отырады (Қаз. тілі термин. Химия).
Табақша дене. б о т. Қалталы саңырауқұлақтар мен қыналардың ашық жемістік денесі. Т а б а қ ш а д е н е кейде алғаш жартылай немесе түгелдей жабық болады. Жемістік дене түзбейтін жіпшумақтың бетінде жетіледі. Ішкі бетінде қатарласып орналасқан споралары бар қалталар және жіпшелерден тұратын гимений қабаты болады. Т а б а қ ш а д е н е көбіне аскоспоралары арқылы таралады (Қаз. тілі термин. Биология).