ТАБЫНУ

lat: TABYNÝ

Табын етістігінің қимыл атауы. 1. Пұтқа, табиғат күштеріне, жеке тұлғаға беріле сеніп жалбарыну, Құдайға балап құлшылық жасау. Қоғамдық санадағы т а б ы н у д ы ң көрінісі жеке басқа табыну ретінде белгілі болып, қоғам мүшелерін тобырлық санаға итермелеп, соқыр сеніммен, өзара күдікшілікпен ұштас дертке айналады (ҚҰЭ). Адамдар Айға, Күнге, тасқа, суға т а б ы н ы п, әр нәрсенің құдіретті күші бар, қасиетті, киелі деп білгеназ. тілі термин. Педагогика.). 2. а у ы с. Бағыну, құрмет тұту. Талантқа т а б ы н у бір басқа да, ұлықтарға жағыну бір басқа (Ө.Қанахин, Жүрек.). Кавказдықтардың ғажап бір салты үлкендердің айтқанын әулие сөзіндей тұтып, оған т а б ы н у екен (Ә.Әзиев, Жез таулар). Ақанның жат мінездерін, өмір бойы тәңірі көріп сұлулыққа т а б ы н у ы н көз алдыма алып келсем, менің есіме Англияның ақыны Оскар Уайльд келіп түседі (М.Жұмабаев, Шығ.).