ТАБЫНУШЫЛЫҚ

lat: TABYNÝSHYLYQ

з а т. Сиынушылық, құлдық ұрушылық. Т а б ы н у ш ы л ы қ Құдайға сиыну, ғибадат қылуаяси сөздік). Алғашқы діндердің орнын бірте-бірте ата-бабаға т а б ы н у ш ы л ы қ басады (З.Ақназаров, Ғылыми атеизм.). Жеке адамға табынушылық. Саяси басшының рөлін асыра бағалаудан туған ұжымдық басшылық принципіне қайшы көрініс. Сәкеннің өз басы ж е к е а д а м ғ а т а б ы н у ш ы л ы қ заманының құрбаны болып кеткен кездің өзінде, оның шығармалары ел арасында өлген жоқ («Қаз. әдеб.»).