ТАХИР

lat: TAHIR

(ар. таһир طاهر) таза, адал, мінсіз.

Расул де сәлем алды Герман тіліменен, Сәлемді берді тахир сыныменен («Өліп тірілген Шаһызада». М.Жүсіп, І-том, 2003).

Бағзысын тахир болса да иоқ деб өтүрікке қойалар (1794 жылы кіші жүз сұлтандары мен старшиналарының ІІ Екатеринаға жолдаған өтініші).