зат. Жылқының бір жастан асқан, екі жасқа әлі жетпеген төлі. Желіге де байланбай құлынында, Жел ойнатып жүретін тұлымында. Тай болды, құнан болды, әлі бірақ Көрген жоқ жылқышының құрығын да (3,154). Асау тай мөңкитұғын көрінбейді, Тебінбеді немесе шегінбеді. Атам тайдың құлағын қоя беріп, Тізгін, шылбыр ұстатып: «Тебін!, – деді (3,282).