ТАЙ

lat: TAI

(пар. тай تاي) тең, бума, оралып байланған нәрсе.

Тайлау тең қылып түю, байлау.

Асыл мауыт, торқа, тон Мақпалды қызыл тайладым («Исатай-Мақамбет». Дастандар, 1960).

Ортаға дүниені үйіп қойған, Будырған ала арқанмен тайлап кілем («Есім Зылиқа». Бабалар сөзі. 22-том. 2005. 100 томдық).