[ағыл. timer] з а т. 1. т е х. Берілген уақыт аралығында техникалық жүйені, мәшинені, өндірістік немесе тұрмыстық аппаратты автоматты түрде қосып (өшіретін) бақылаушы-реттеуші аспап. Жұмыс істеу принципіне байланысты т а й м е р д і механикалық, гидравликалық, пневматикалық және электрлік деп ажыратады (ҚҰЭ). Т а й м е р д і ң бірдүркін, көпдүркін және кезеңдік жұмыс істейтін түрлері бар (ҚҰЭ). 2. и н ф. Уақыт санауыш схема. Т а й м е р – уақыт аралығын өлшеуге арналған орталық процессордың ішкі регистрі (Қаз. тілі термин. Информатика.). 3. и н ф. Ағымдық уақытты немесе уақыт аралығын анықтайтын электрондық сағат (құрылғы) немесе белгілі бір уақыт аралығы сайын мәні өсіп, өзгертіліп отыратын сағат рөлін атқара алатын регистр. Т а й м е р компьютердегі уақытты автоматты түрде бақылауға немесе өлшеуге арналған құрылғы (Қаз. тілі термин. Информатика.). Сондай-ақ т а й м е р программаға сәйкес кейбір жағдайларды басқару үшін орталық процессордың жұмысын үзу (тоқтата тұру) сигналын бере алады (Қаз. тілі термин. Информатика.).