[франц. taxi] з а т. Жүрілген жолға арнаулы таксометрдің көрсетуі бойынша ақы ұстап, жолаушылар мен жүк тасымалдауға арналған автомобиль. Қаз-қатар тізілгеи шұбар бүйір т а к с и л е р бірінің артынан бірі сып етіп кетіп жатыр (З.Шашкин, Теміртау). Тым асығыс жүгіреді Жүрегімде тасып қан, Т а к с и қуып жете алмайды Қиялымды асыққан (М.Шаханов, Қырандар.). Т а к с и ретінде сериялық жеңіл, жүк және жүк-жолаушылар автомобильдері мен таксомоторлық тасымалдаудың ерекшеліктері ескерілген арнайы (жүк қоюға арналған орынның, сақтандыру аспаптары мен құралдарының болуы т.б.) автомобильдер қолданылады (ҚҰЭ).