ТАКСОФОН

lat: TAKSOFON

з а т. Шақырушы абоненттің бір реткі ақылы байланысы үшін жалпы қолданыстағы телефон аппараты. Байланыс т а к с о ф о н ғ а бір немесе бірнеше белгілі бағаланған монета немесе арнайы жетон салынғаннан кейін жүзеге асады. Таксофон жергілікті (қалалық және ауылдық) байланыс (ҚБТ), қалааралық байланыс, құрама жергілікті және қалааралық байланыс болып ажыратылады (ҚҰЭ).