[лат. taxo – құнын анықтаймын, гбек. metron – өлшем] з а т. Жұмысын есепке алатын және қабылданған тариф бойынша жолақы сомасын көрсетуге арналған аспап. Т а к с о м е т р белгіленген тарифке сәйкес жүрілген жолға төленетін ақыны көрсететін аспап (Қаз. тілі термин. Тамақ.). Т а к с о м е т р берілістер қорапшасының жетектеуші білігімен тиісті редуктор арқылы қосылған иілгіш білікшемен қозғалысқа келетін механикалық есептегіш болып табылады (ҚҰЭ). Т а к с о м е т р жолақыдан басқа автомобильдің жалпы және ақы төленген жолын километрмен, жолаушылармен жасалған сапар санын, жұмыс күнінде түскен ақшаның жалпы сомасын да көрсетеді (ҚҰЭ).