[грек. taxis – орналасу, on – мән] з а т. Қасиеттері мен белгілерінің ортақтығы әртүрлі дәрежесімен байланысқан дискреттік нысандар тобы. Т а к с о н – белгілі бір таксономиялық санат (түршелер, түр, туыс, тұқымдас және т.б.) беруге негіз болатын қасиеттері мен белгілерінің қайсыбір дәрежедегі ортақтығымен байланысқан дискреттік объектілер (мыс., организмдер) тобы (Қаз. тілі термин. Экология). Т а к с о н н ы ң бөлінуі нысандардың әртүрлі қасиеттері мен белгілеріне: шығу тегінің ортақтығы, құрылысы, құрамы, формасы, атқаратын қызметіне сүйене алады (ҚҰЭ). Бірақ мұндағы әрбір жағдайда белгілер мен қасиеттердің қоспасы қажеттілік болуға тиіс және осы т а к с о н н ы ң жүйеде бір ғана орын алып, басқа таксондармен қиылыспағаны жеткілікті (ҚҰЭ).