ТАКСОНОМИЯ

lat: TAKSONOMIaÁ

[грек. taxis орналасу, nomos заң] з а т. б и о л. Ағзаларды олардың туыстық дәрежесі бойынша иерархиялық жіктеудің ұстанымдарымен, әдістерімен және ереже-лерімен шұғылданатын биология саласы. Т а к с о н о м и я түсінігі бірінші рет биологияда пайда болды (терминді 1813 ж. өсімдіктердің жіктелімін жасаған швейцариялық ботаник О.Декандоль ұсынды) (ҚҰЭ). ХХ ғасырдың 2-жартысында т а к с о н о м и я мәселелері тек биологияда ғана емес, көптеген иерархиялық ұйымдасқан дискреттік нысандармен істес болатын бірқатар басқа ғылымдарда да елеулі рөл атқара бастады (ҚҰЭ).