ТАКСОНОМИЯЛЫҚ

lat: TAKSONOMIaÁLYQ

с ы н. Таксономияға тән, таксономияға қатысты. Таксономиялық категория. Таксономияда категориялардың бір-біріне бағынышты топтарын таксондарды белгілеу үшін қолданылатын түсініктер. Рационалдық жіктелім міндеттеріне байланысты нақты болмыс саласын анықтау үшін т а к с о н о м и я л ы қ к а т е г о р и я жүйесі құрылады (ҚҰЭ). Сондықтан т а к с о н о м и я л ы қ к а т е г о р и я жіктелімінің нақты нысандарын тікелей сипаттамай, тек оны құрудың әдісін, типология міндеттерін шешудің логикалық қағидаларын сипаттайды (ҚҰЭ).