[гбек. talanton] з а т. Табиғи дарын, ерекше қабілет. Тағдырдың өзі өлшемей мол ғып төгіп бере салған Ілиястың т а л а н т ы н бағалауға тек ешбір қоспасыз айтылған осы «ақын» деген сөз ғана лайық («Қаз. әдеб.»). Құдіретіне ақылдың сенер ішім, Тумай жатып ақымақтың өлері шын. Адамға мен өз басым бас иемін – Сақалы емес, – Т а л а н т ы, өнері үшін (Қ.Мырзалиев, Домбыра). Әуелде бір суық мұз – ақыл зерек. Жылытқан тұла бойды асық жүрек, Тоқтаулылық, т а л а н т ы шыдамдылық, Бұл қайраттан шығады, білсең керек (М.Жұмабаев, Шығ.). 2. п с и х о л. Жеке тұлғаға тән көркем шығармашылықтың белгілі бір саласындағы айрықша қабілет. Адамның т а л а н т ы айқын қажетсінушілік пен шығармашылыққа бағытталып, әрқашан белгілі бір қоғамдық талап-тілектерді бейнелейді. Осы себепті адамның талантының дамуында оның дүниетанымы, қоғамдық позициясы орасан зор рөл атқарады (Қаз. тілі термин. Педагогика.). Т а л а н т адамның қандай да бір көркем шығарма саласын жете меңгеруінен ғана емес, оның сол өнерге ерекше бейімділігінен, табиғи дарындылығынан көрінеді (ҚҰЭ).