[гбек. talanton] з а т. Ежелгі Грекияның, Вавилонның, Персия мен Кіші Азиядағы басқа да аймақтардың ең ірі салмақ және ақша-есептік бірлігі. Т а л а н т 60 минаға бөлінді (1 мина – 100 драхма) (ҚҰЭ). Солон реформасы бойынша (б.з.б. 594 ж.) 26,2 кг күмістен тұратын аттикалық кіші т а л а н т (А.Македонский кезінде – 25,9 кг) енгізіліп, кең қолданыс тапты. Ассирия-вавилон өлшемдері жүйесіндегі т а л а н т 30,3 кг-ға тең болған (ҚҰЭ).