lat: TALANT
1 зат. Табиғи дарын, ерекше қабілет.
Тағдырдың өзі өлшемей мол ғып төгіп бере салған Ілиястың талантын бағалауға тек ешбір қоспасыз айтылған осы «ақын» деген сөз ғана лайық («Қаз. әдеб.»).
Құдіретіне ақылдың сенер ішім,
Тумай жатып ақымақтың өлері шын.
Адамға мен өз басым бас иемін
– Сақалы емес, – Таланты, өнері үшін (Қ.Мырзалиев, Домбыра).
Әуелде бір суық мұз – ақыл зерек.
Жылытқан тұла бойды асық жүрек,
Тоқтаулылық, таланты шыдамдылық,
Бұл қайраттан шығады, білсең керек (М.Жұмабаев. Шығ.).