ТАЛАНТ

lat: TALANT

2 [грек. tаlаntоn] зат. Ежелгі Грекияның Вавилонның, Персия мен Кіші Азиядағы басқа да аймақтардың ең ірі салмақ және ақша-есептік бірлігі.

Талант 60 мынаға бөлінді (1 мина - 100 драхма) (ҚҰЭ).

Солон ре- формасы бойынша (б.з.б. 594 ж.) 26,2 кг күмістен тұратын аттикалық кіші талант ( А.Македонский кезінде - 25,9 кг) енгізіліп, кең қолданыс тапты. Ассирия-вавилон өлшемдері жүйесіндегі талант 30,3 кг-ға тең болған (ҚҰЭ).