ТАМАМ

lat: TAMAM

[ар. ] е с і м. Барлық, күллі, дүйім. Т а м а м жұрт көтермекке аттанғанда, Алдынан қарсы бармай маған нетті? Жиыннан жеке келген, тұлпарым-ай. Үмітсіз қандай дұшпан қағып өтті (М.Жұмабаев, Шығ.). Берекеге жи дейсің, Т а м а м қазақ баласын. Кек, ашудан тый дейсің, Айыртып ақ пен қарасын (Ш.Құдайбердиев, Шығ.). Онан сайын Омардың «кетші, кетшінің» астына алған жан даусы т а м а м ауылды басына көтеріп өрлеп барады (С.Торайғыров, Шығ.).