ТАМАҚ

lat: TAMAQ

зат. Мойынның алдыңғы жағы, иектің асты. Күнәсіз сәбилікпен ойламаған, Жасырын махаббатпен қайнамаған. Жаныштап жетілмеген екі алмаңды, Астынан тамағыңның аймалағам (1,79). Міне, содан жыландарға достықпенен қарадым: Біреуі кеп жалма-жан жазықтыны орады, «Үніңді өшір!» дегендей буындырды тамағын (5,116).