ТАМШЫ

lat: TAMSHY

з а т. Сұйық заттың ең кішкене бөлігі. Жүргеннен тіпті қарап файдалырақ Күнінде үйренсең де жалғыз хәріф Т а м ш ы д а н тама берсе, болар дария, Кетпей ме ахырында бір молайып (М.Дулатов, Шығ.). Ашық көздің жиегінде тұрған сүңгі мұздардан ептеп тырсылдап т а м ш ы ағады (С.Сейфуллин, Тар жол.). Көзінен үзіліп түскен бір т а м ш ы жасты Қабеңнің маңдайынан сүртіп еді, Қабен қадала қараған күйі басын шайқады (З.Қабдолов, Жалын).