[лат. tangens] з а т. м а т е м. Тригонометриялық функциялардың бірі. Т а н г е н с периоды болатын, шектелмеген, тақ функция (ҚҰЭ). Тік бұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының т а н г е н с і деп осы бұрышқа қарама-қарсы жатқан катеттің іргелес жатқан катетке қатынасын айтады (ҚҰЭ). Аристархта «т а н г е н с», «синус» терминдері атымен жоқ, олардың орнына тік бұрышты үшбұрыштың катеттері және шеңбер доғасының хордалары алынады, теңсіздіктер сөзбен баяндалады (А.Көбесов, Математика.). Ол тұңғыш рет синус, косинус, т а н г е н с, котангенс сызықтарын радиусы бірге тең дөңгелек ішінде анықтауды, мысалы, тангенс, котангенс сызықтарын (тура көлеңке, кері көлеңке) тік бұрышты үшбұрыш арқылы емес, шеңберге жанаманың кесінділері арқылы анықтауды ұсынады (А.Көбесов, Математика.).