с ы н. 1. Көзтаныс, үйреншікті, белгілі, таныс. Додай құр атқа мінгізгендей дардиып, басын шұлғып: Додай өзінің т а н ы м а л екенін, тілеулес екенін сөзімен, кейпімен сездірді (Ж.Аймауытов, Шығ.). Т а н ы м а л біреу кездесіп қалар ма дегендей байқап, иін тірескен жұрттың ара-арасымен вокзалға кіруге есік алдына келдім (С.Сейфуллин, Тар жол.). // Таныс адам. Орынборға келіп, бержебайға мініп, Ажардың т а н ы м а л ы н а барып түстік (Ж.Аймауытов, Шығ.). 2. Елге белгілі, көпшілікке танылған, атағы жайылған. Зияш Қалиды көшеде көрді. Әскери киімін әлі тастамапты, топ жігіттің ортасында да т а н ы м а л (Б.Нұржекеев, Күй толғақ).