(таным әрекеті, танырлық, танылатын, танып білерлік) танылатын үрдіс; танымдық қызығушылық — ғылым жаңалықтарын; қоғамда болып жатқан өзгерістерді танып білуге деген қызығушылық. Танымдық есеп — жаңа білім іздеуге, оқудағы байланыс, дәлелдерді белсенді пайдалануға түрткі болатын оқу тапсырмасы. Танымдық есеп жүйесі бүкіл оқыту процесінде оқудың мазмұны мен іс-әрекет амалдарын біртіндеп күрделендіре беретін бірізділікке негізделеді. Сондықтан мұғалім оқушының білімді меңгеруімен қатар, оның оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіру жағына да баса назар аударуы керек.