Танымдық қызығушылық – ғылым жаңалықтарын; қоғамда болып жатқан өзгерістерді танып білуге деген қызығушылық. Танымдық есеп – жаңа білім іздеуге, оқудағы байланыс, дәлелдерді белсенді пайдалануға түрткі болатын оқу тапсырмасы. Танымдық есеп жүйесі бүкіл оқыту процесінде оқудың мазмұны мен іс-әрекет амалдарын біртіндеп күрделендіре беретін бірізділікке негізделеді. Сондықтан мұғалім оқушының білімді меңгеруімен қатар, оның оқу-танымдық іс әрекетін белсендіру жағына да баса назар аударуы керек.