с ы н. Көптен білетін, белгілі, танымал. Абай өлеңінің ішінде парсы, араб тілдерінен кірген сөздер көп, бірілі-жарымды орыс сөздері бар. Шет тілдерден кірген сөздердің көбі қазаққа т а н ы с емес, жат сөздер (Х.Досмұхамедұлы, Таңд.). Уға толы жас жүрегім, жабықтым, Т а н ы с дауыс ести алмай зарықтым. Не дегенін, не істегенін біле алмай, Қор болдым ғой, азат жүрген халықтың! (М.Жұмабаев, Шығ.). // Танитын, білетін адам. Тек отырмай, атыңды алысқа айда, Партия жағаласқан жарысқа айда. Жердің жүзін жеңіп ал жанды салып, Дос қайда, құда қайда, т а н ы с қайда?.. (Ш.Құдайбердиев, Шығ.). Сол уақытта желге құлақ түргейсің, Т а н ы с т а р д ы еске алып, тергейсің. Туғаны жоқ, тұрағы жоқ жолаушы – Желге айналған мен екенім білгейсің! (М.Жұмабаев, Шығ.).