е т. 1. Бөтен адаммен жүздесіп білісу. Бір күні келе жатты ағаш жаққа, Нендей жан кездесер деп т а н ы с п а қ қ а. Орманда Қасқыр, Аю аң болмаса, Табылсын одан басқа кім бейбаққа! (А.Байтұрсынов, Ақ жол). Күрсінбей қайтейін, сенімен т а н ы с қ а н ы м а екі ай болды, содан бері ояу болсам ойымнан, ұйықтасам түсімнен кетпейсің. Ынтығым саған күннен-күнге күшеюде, міне, енді жүрегімнің жұмбағын бүгін саған шешкелі отырмын (М.Дулатов, Шығ.). 2. Бір нәрсенің мән-жайын білу, тексеру, зерттеу. Ғалымдар ең бірінші рет қалыпты температурада өмір сүре алмайтын сұйықпен т а н ы с т ы (К.Әбдіғапаров, Қызық. физ.). Осындай әдіс-амалдардың арқасында бүгінгі шәкірт өндірістің жеке салаларымен, кәсіптің белгілі түріне тән ерекшеліктермен жете т а н ы с а д ы («Қазақст. мект.»). Чубаров документтерімен т а н ы с ы п, тісін ақсита күлімсіреп, қолын созды, амандасты (Ж.Тәшенов, Қаратас).