ТАНЫСТЫРУ

lat: TANYSTYRÝ

Таныстыр етістігінің қимыл атауы; мәлімет беру, көрсету. Ансамбль коллективі кең-байтақ астанамыздың көптеген жерлерін аралап, қазақ өнерімен т а н ы с т ы р у д а (I.Омаров, Серпін). Кеңсе жүргізу істеріне орысша хат білмейтін болса да, қазақша хат білетін қазақ жігіттерін т а н ы с т ы р у қажет (С.Сейфуллин, Шығ.).