ТАП

lat: TAP

шыл. Дәл, нақ. Өмірімнің елестетіп бақшасына, Қараушы ем үлпілдеген ақ шашыңа. Тынымсыз зыр айналған ұршығыңмен Отырып ойнаушы едім тап қасыңа (1,81). Арайлап, баяулап, тап бүгін, Сөнген жоқ, бірақ та батты күн. Сендерге, сәбилер, қалдырды ол Өзінің өмірін, шаттығын. Тараңдар, сөнбейді, батты күн (1,132). Тап солардай сорлыларға қарадым да қалдым мен, Әлдебіреу зытады жан нөпірі алдымен, Стиксше адымайды ол аттағандай шалғынмен (5,45).