з а т. 1. Алғырлық, зеректік. Жібектің жақсы сипаттарының бірі – т а п қ ы р л ы қ, шешендік. Көренді ол өзінің ақылдылығы, шешендігімен ұршықтай ойнатады (М.Әуезов, Әр жыл.). Жанат ылғи ерлікті, т а п қ ы р л ы қ т ы, қайсарлықты өзгеше сүйіп, құштарлықпен әңгімелейтін (Ө.Тұрманжанов, Адам.). 2. Әдіс-тәсілді шебер меңгергендік, әдісқойлық. Соғыста әдіс-айла, т а п қ ы р л ы қ ауадай қажет. Жауды санмен емес, сапамен жеңе білуге тиіспіз. Ол үшін соғысу әдістерін, айла-әрекетін өте жақсы игеріп, өзіңе берілген қаруды бес саусағыңдай біліп, жауға қарсы шеберлікпен жұмсай білу керек (Ө.Қанахин, Өз ақылымен.).