Тапсыр етістігінің қимыл атауы. 1. Өткізу, беру. Мемлекетке астық т а п с ы р у д ы ң бесжылдық жоспары үш жылда артығымен орындалды («Қазақст.әйелдер»). Ендігі міндет осының бір дәнін шашу шығармай, қысқа мерзімде жинап алып, Отан қоймасына т а п с ы р у («Қаз. әдеб.»). Қалай жіберу ретін білмегендер “Қазақ” басқармасына жіберсе, тиісті орнына т а п с ы р у ғ а көп-көп алғыс айтылып, қабыл етіледі (А.Байтұрсынұлы, Жаңа низам). 2. Міндеттеу, жүктеу. Абайдың т а п с ы р у ы бойынша, сол отырыстарда өзге ақындарға әңгімесін айтып берді (М.Әуезов, Ақын аға). 3. ж е р г. Жазылу (газетке т.б.). Белсенді тілші қатарын еңбек адамдарымен толықтыру, газет т а п с ы р у қатарын арттыру және ауыл өмірінен тартымды хабарларды келтіру керек (Қаз. тілі. диалек. сөздігі).