ТАҚТАЙ

lat: TAQTAI

зат. 1. Жуан бөркені тіліп жасалған, екі жағы тегіс, жұқа, қатты, ағаш. Тұтқиыл еңіс науамен қуалай тайғақ тақтайды, Диірменнің астында барақты соққан қақпайлы, Жан берген іске су дағы асығыс бұлай ақпайды (5,108). 2. ауыс. Жамбасқа бататын, қатты д.м. Біздер жеңдік: анамыз ақтай солды. Мамық төсек қайғыдан тақтай болды. Майдансыз Біз шайнаған бір түйір нан, Кеудемізде қадалған оқтай болды! (2,55).