ТАҚТАЙ

lat: TAQTAI

з а т. Бөренені тіліп әзірленетін екі жағы тегіс, жұқа ағаш, құрылыс материалы. Қап, бәлем, бір қылармын саған» депті, Т а қ т а й д ы ашуланып және тепті. Ол келмесе суалып қалмаймын деп, Қонағын ертіп алып аңға кетті (Ш.Құдайбердиев, Шығ.). Үшеуі мұны көріп қалды тоқтай: Жапанда жазуы бар неткен т а қ т а й?! Жазылған оқып көрсе, сөзі мынау: «Болсаң бол, ей, жолаушы, бұл бұлақтай!» (М.Дулатов, Шығ.). Терең ғып тағы біреу бір көр қазған, Басына т а қ т а й қағып, жазу жазған: «Өлімнен құтылмайсың, қашқанменен, Мынау көр сенің көрің, Қорқыт жазған!» (М.Жұмабаев, Шығ.).//Тақтайдан істелген. Жас баланы арбаға салып сүйреу қазақтың бір қате жұмысы. Т а қ т а й арбаның ішіне жаман көрпеге оратқызып баланы салып алып, 67 жасар балалар: «Мен ағамның қаракер атынша шабамын» деп тұрып арбаны дүрілдеткенде баланың не жаны қалады? (М.Жұмабаев, Шығ.).

Taқтaй кәpiз. Тaқтaйд тор нeмece үш бұpышты құбыp жacaп, apтық жepacты cyын бacқa тұcқa бұpып әкeтy apқылы жep құpғaтaтын тәciл (Қаз. тілі термин. Су.).