ТАРА

lat: TARA

ет. 1 . Жан-жаққа кету, бытырау . Шұрқырасып сабақтан тарағанда , Ішімізді аш тазы жалағанда, Өкпемізді қолға алып жетуші едік, Ашық тұрса аңқайып қара қамба (3,242). Біздің өмір осылай. Енді еш нәрсенің де сәні бола қоймас. Кешіріңдер... Тараңдар , ағайындар (4,205). 2 . Жойылу, таралу . Питерде. Алғашқы абақты, Ильичтей дананы қаматты, Сонда да ұшқыр ой жол тауып, Түрмеден сыртқары тарапты (1,121). Олар мерзімді баспасөзде де, жеке кітап болып та жарық көріп, жұртқа тарап кеткен (4,306). 3 . Бойға сіңу, ену . Жат көздер, мейлі, жазғырып оған қарасын, Түсінсін де олар өлі мен тірі арасын. Жарайды сол да, жанының басты жарасын, Жадырап енді, жалыны бойға тарасын (1,252). Сендегі асқақ ой, санадан, Жаныма жақсы нұр тараған . Арманым бар еді ойлайтын, Сашадай болса деп бар адам (1,118).