ТАРА

lat: TARA

е т. Тарақпен шашын жазу. Домаланған қара жігіт жазу столына отырып, омырау қалтасынан тарағын алып, шашын т а р а д ы (Б.Майлин, Шығ.). Әкем таңертеңгілік шай үстінде басын көтеріп отырды. Шайдан кейін айна алдырып, сақалын т а р а п, түрін көріп біраз жатты (Т.Әбдіков, Ақиқат). Заманыңнан оқ бойы озарсың деп, қарағым, Кекіліңді тұлпардың кекіліндей т а р а д ы м (Қ.Мырзалиев, Бұлбұл бағы). Талай рет есті жел Т а р а п ұлдың тұлымын, Талай рет шықты күн Аясына ап нұрының (О.Шипин, Дастан.).