lat: TARAP
[аб. ] з а т. 1. Белгілі бір тұс, жақ. Өзі де бір т а р а п қ а ыршып кетті, Бір биік ағаш көрген, соған жетті. Биік жерде болайын деді-дағы. Сол түні ағаш басын мекен етті (Абай, Тол. жин.). Қалтарысы көп, ұзын траншеяның біз оң жақ т а р а п ы н д а едік (Т. Бердияров, Солдат.). Килігіп жас жетпіске толығып тұр, Өр көңіл жеңбес жауға жолығып тұр, Талпынған әр т а р а п қ а таудай көңілім, Шабығып осы бүгін торығып тұр (Базар жырау, Шығ.). // Бөлек, түблі. Бәукен әкесі мен шешесінің екі т а р а п мінезін тағы да есіне алды (Р.Әутәліпов, Алтын.). 2. Жақтас, мүдделес адам, адамдар тобы. Жақып, Қаратай сияқты Құнанбайға т а р а п кісілер бар (М.Әуезов, Шығ). ...Орталық Азияның бес республикасының басшылары Ашғабатта бас қосып, бұрынғы одақтың ұлттық сипатпен қарама-қарсы т а р а п т а р ғ а жіктеліп кетуіне жол бермейтін Тәуелсіз мемлекеттердің достастық Одағын құруды жөн деп тапты (Ә.Кекілбай, Тіл және тәуелсіздік). Бір тарап. Бір жақ. Желмаялар келеді желдей есіп, Сұм шалдың б і р т а р а п т ы көзі тесіп, Шал айтады балаға: – Көрдің бе? – деп, – Бұлт тұр бұлдыраған елеңдесіп? (Абай, Тол. жин.). Қырық кісі б і р т а р а п, қыңыр кісі б і р т а р а п (Нақыл).