[аб. ] с ы н. 1. Тарихқа байланысты, соған қатысты, тарихты баяндайтын. Тарих жүзінде белгілі адамдар, нәрселер, уақиғалар тұсында сөйлейтін әуез… т а р и х и әңгіме деп аталады (А.Байтұрсынов, Шығ.). Т а р и х и-этнографиялық музейлердегі археологиялық сәнді бұйымдар мен қарулар, ыдыс- аяқтар он саусағынан өнер тамған шеберлердің халықтық мұралары (С.Қасиманов, Қаз. қолөнері). 2. а у ы с. Ебекше маңызды, мәнді. Ганди Үнді ұлт-азаттық қозғалысына бүкілхалықтық мән бере білді. Міне, оның ең үлкен т а р и х и еңбегі осында (Ә.Шәріпов, Қапаста.). Тарихи құн. э к о н. Мемлекеттің белгілі бір келісімшарттық аумақты барлауға, онда ашылған кеніштерді абаттандыруға байланысты және осы кеніштерді кез келген мердігердің (инвестордың) пайдалануы кезінде өтелуге тиісті өткендегі шығындары.