Тарту

lat: TARTÝ

з а т. Біреуге арнап берілетін ерекше сый, арналған бағалы зат.

Мынау біздің қатынға қандай тарту! Мұнда қанша алтынкүміс бар? (Ж.Аймауытов, Шығ.).

Мұның бәрі тартуым сізге, дейді, Ақылыңды айт, ақсақал, бізге, дейді. Бақша, зауат, жайларды қылдым талқан, әрбір бай жалдап жатыр жүз кедейді (Абай, Тол. жин.).

Патша екі ай жатып, қайтпақ болды, Қам сызға қайту жайын айтпақ болды. Беріпті тартуым деп желмаясын, Риза боп құдасына көңілі толды (Ә.Найманбаев, Шығ.).