орындаушылық және шығармашылық, суырып салмалық бойынша өтетін аспаптық жарыс. Дарындылығы мен шеберлігі жоғары күйшілерге ғана арналған сайыс. Орындаушылық шеберлік түре және сүре тартыстарда көрсетілген. Егер домбырашының бірде-бірі алғашқы екі жарыста жеңе алмаса, онда жұдырық шығарып тартысуға түседі. Жарысты жүргізіп отырған домбырашы екі қарсыласқа бір үзінді береді, осы үзінді негізінде күйшілер сол мезетте өздерінің күйлерінің нұсқасын береді. Олар берілген үзіндіде басталып, сол түрінде аяқталу керек. Бірақта бұл нұсқалар бір-біріне үқсамайтын жаңа күйлер болулары тиіс.