lat: TASÝ
Тасы етістігінің қимыл атауы.
1. Сұйықтықтардың өз қалыбынан, арнасынан асып төгілуі.
Ертістің сол жылғы тасуы біздің ауылға «өлмес күніңді ойлан, жаңа қоныс ізде, ескі қонысым еді деп отыра берсең тасқынның астында қалып, тұншығып өлесің» деп ескерткендей болды (З.Ақышев, Ақбел.).
Жақсыменен бас қосып, Сұхбаттассаң тарқайды Көкіректе шер болса, Арқа дан ауған ақ киік Өте алмай қалады ағыстан Дария тасу су толқын – Ығысылған сең болса. Көктемнің баһар айында Құсты айырып шулатып, Құбыладан қызыл жел болса (Базар жырау, Шығ.)
2. а у ы с. Күш-жігердің мол, көңілдің өте көтеріңкі болуы.
– Әне, әне, көрдің бе, көңілімнің тасуын, Шынтас қарағым, кеудесін бір басып берші, – деп сыбырлап, онсыз да ызалы жанды айдап салды (Т.Ахтанов, Дала сыры).
Айға шапқан арыстан, ашуына болайын, Жауға шапқан батырдың, тасуына болайын (Мақал).