lat: TASBAQA
з а т. з о о л. <лат. testudines> Сүйек қабығы бар, қысқа аяқтарымен баяу жылжып қозғалатын жәндік.
Міне, жолдың шетінде үлкендігі кішігірім қазандай тасбақа жылжып барады (І.Есенберлин, Айқас).
Қоян кепті қос құлағы ербеңдеп, тасбақа да орын тепті төрден кеп. Сан орманның тамашасын тауысқан Ән шырқады ала қанат сауысқан (М.Шаханов, Ғасырлар.).
Тасбақа өсімдіктермен қоректенеді және егіске зиян келтіруі мүмкін (Зоология).