lat: TASPA
(пар. тасма تسمه)
1. Белбеу.
2. Белбеу, қамшы жасау үшін тіліп алатын қайыс.
Былжырамай сақау ғар жөнің тап, Алты таспа , бұзаутіс қамшым тиер («Қозы Көрпеш – Баян сұлу» (М.Нукин нұсқасы). Бабалар сөзі. 55-том. 2009. 100 томдық).
Таспа қылып тілу – тілімдеу, жіңішке қылып тіліп алу.
Терісін таспа қылып тіліп ерді, Ұзындығы төрт мың аршын жерге жетті («Ғазауат сұлтан». Бабалар сөзі. 14-том. 2005. 100 томдық).