lat: TASYǴYSHTA
е т. Қайта-қайта тасу, бірнеше мәрте апару.
«Там салсам керек болар» деп көзіне түскен ағашты көк есектің беліне салып тасығыштап, ауыл-аймақтан бел ағаш сұрастырып, енді-енді ниет қылып жүрген кезінде Ертісбегі армия қатарына алынды (Т.Нұрмағамбетов, Қош бол.).
Әй, Серік, қаладан пластинка тасығыштап жүруші едің ғой, ойнатсайшы! (Қ.Мұхан бетқалиев, Тоғай.).