lat: TASYMALDAǴYSH
з а т. к е н. 1. Сусымалы, құрғақ кесекті затты не даралай жүктерді тасымалдауға арналған үздіксіз жұмыс істейтін тасымал мәшинесі.
Тасымалдағыш таспалы, шынжырлы, арқанды тартқыш мәрімдерімен және тартқышсыз (бұрамалы, инерциялы, дірілді, аунақшалы) мәрімді, ал жүк тасу қабілетіне қарай: таспалы, тілімшелі, қырғышты, арбалы және т.б. болып бөлінеді (Қаз. Тілі Термин. Кен.).
2. Байыту фабрикаларындағы ұсату бөлімінде кенді бір операциядан келесі операцияларға тасымалдау үшін қолданылатын жабдық.
Тасымалдағыш ұзындығы әртүрлі, екі тегершіктің көмегімен айналмалы қозғалысқа келтірілетін резеңкелі таспадан тұрады (Қаз. тілі термин. Кен.).