ТАСЫМАЛДАНАТЫН ЖҮКТІҢ АВАРИЯЛЫҚ КАРТОЧКАСЫ

lat: TASYMALDANATYN JÚKTİŃ AvarıaLYQ KARTOCHKASY

кешенді ақпараттық ұйымдастыру-әдістемелік құжат, онда жүктің қауіпті қасиеттері туралы мәлімет; жүкті қауіпсіз тасымалдау жөніндегі талаптар (қауіпсіздік өлшемдері бойынша біртектес жүктер тобы, оларды тасымалдау кезіндегі апатты жағдайды жою шаралары) (өртке қарсы т.б. медициналық-техникалық іс-шаралар (авариялық бригадалардың жеке қорғаныс құралдары, дәрігерге дейінгі және алғашқы медициналық жәрдем көрсету), сондай-ақ бірінші кезектегі табиғатты қорғау, оның ішінде зиянды заттарды бейтараптандыру туралы мәліметтер болады.