lat: TATÝLYQ
з а т. 1. Жақын, жылы қарым-қатынаста болушылық, жақсы сыйластық.
Рахым жоқ, қанағат жоқ, арсыз болып, Жас бойға жаман атақ тағынбалық Таза ойлап, татулық іс табалық! Жау жоқта, тіпті жауды сағынбалық! (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).
Сөз қылды жақсылықты, жамандықты, Жомарттық, мырзалық пен сараңдықты. Достықтың, дұшпандықтың жайын сөйлеп, Қолға алды татулық пен араздықты (А.Байтұрсынов, Шығ.).
2. п с и х о л. Адамдардың бір-біріне сыйластық қарым-қатынасы.
Татулық отбасынан, ерлі-зайыптылардың, ағайынды адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасынан басталып, ел мен елдің арасындағы, мемлекетаралық қарым-қатынасқа дейін өрбиді (Қаз. тілі термин. Педагогика.).
Ұлтаралық татулықты бұза тын кез келген әрекет конституциялық емес деп танылады (ҚР Конституциясы).