lat: TEŃİZSHİ
з а т. 1. Теңізде жүзіп жүруші, матрос.
Теңізші болсын деп жүргенде, танк оқуына кетіп қалды (С.Сейітов, Сөз сұра.).
– Оқуыңды бітір. Жігіт яки теңізші, яки ұшқыш болса керек, – деді (Ж.Молдағалиев, Самал).
2. Теңізде жұмыс істейтін адам.
Бір қарт пенсионер қайтыс болды, жалғыз баласы теңізші екен, шетелге кетіпті (І.Есенберлин, Ғашықтар).
Бізді де теңізшілер жаман қарсы алған жоқ. Бірақ алыстан ағасы келгендей аптығып, шұрқырасқан да жоқ (Т.Ахтанов, Үндістан.).