ТЕҢІЗШІ

lat: TEŃİZSHİ

1 з а т. 1. Теңізде жүзіп жүруші, матрос. Т е ң і з ш і болсын деп жүргенде, танк оқуына кетіп қалды (С.Сейітов, Сөз сұра.). Оқуыңды бітір. Жігіт яки т е ң і з ш і, яки ұшқыш болса керек, деді (Ж.Молдағалиев, Самал). Ол еңбегіне кесіп айтты ақы алмайды, үй иесінің бергенін қанағат тұтады, сондықтан да жамандарды маңайламайтыны сол, Иванның екі баласы бар; бірі Тынық мұхитта сүңгуір кемеде т е ң і з ш і, екіншісі ұшқыш, Қазанда тұрады (Ә.Тарази, Тас жарған). 2. Теңізде жұмыс істейтін адам. Бір қарт пенсионер қайтыс болды, жалғыз баласы т е ң і з ш і екен, шет елге кетіпті (І.Есенберлин, Ғашықтар). Олар қолөнершілер, т е ң і з ш і л е р, қала тұрғындары, тағы басқа да әртүрлі кәсіп иелері (Р.Нұрғалиев, Өнер алды.). Бізді де т е ң і з ш і л е р жаман қарсы алған жоқ. Бірақ алыстан ағасы келгендей аптығып, шұрқырасқан да жоқ (Т.Ахтанов, Үндістан хикаясы).