ТЕҢІЗШІ

lat: TEŃİZSHİ

2 з а т. з о о л. Қорек іздеуге әрекеттенбей басқа құстардан тартып алып жейтін құстар да болады. Мысалға, т е ң і з ш і (поморник) дейтін құсты алайық. Бұл құс өте тез ұшады, бірақ ол ұшу жылдамдығын басқа қажетке қолданады (Р.Ә.Әлімбаев,.. Құстар.). Тентек дейтін құстар, жабайы кептерлер, тырналар, т е ң і з ш і л е р екіден жұмыртқалайды. Шағала тәрізділер мен қарабауырлар үш жұмыртқадан табады (Р.Ә.Әлімбаев,.. Құстар.).