lat: TEŃ
зат. Көшкенде көлікке арту үшін салмағын бірдей етіп буып-түйген жүк .
Ағымнан бір жарылайын десем де,
Ақ көңіл жоқ не өзімде, не сенде,
Япыр-ау, осы маған не болды?
Теңдерімді қайта буам, шешем де,
Қазынамды ақтарайын десем де (2,120).
Арқанды алдым белімнен, ағытқандай теңдерден .
Арқанды алды ақыным қадір тұтып мен берген.
Жиып ұстап жақсылап құлаштауды жөн көрген (5,78).